Нұр-Сұлтан 18.8°
×
10.12.2021, 18:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырымды қабылдады

Қазақстан Президенті жуырда Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланған Бинали Йылдырымды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырымды қабылдады

Бинали Йылдырым қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Президентті және Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Анкараға ресми сапармен келуге шақырған сәлемін жеткізді.

 

Кездесуде қазақ-түрік стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арта түскенін, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Президенті биыл қараша айында Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің маңыздылығына мән беріп, Бинали Йылдырымды осы Ұйымның Ақсақалдар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері