Нұр-Сұлтан 17°
×
07.12.2021, 14:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

АҚШ Қытайда өтетін Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады

АҚШ билігінің өкілдері Қытайда өтетін Қысқы Олимпиадаға қатыспайды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

АҚШ Қытайда өтетін Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады

"Қытай Халық Республикасы Синьцзянда жүріп жатқан геноцид пен өзге де адам құқығын бұзу деректерін ескере отырып Байден әкімшілігі дипломатиялық және ресми делегациясын Пекинде 2022 жылы өтетін Олимпиада мен Паралимпиадаға жібермейді", - деп мәлімдеді хатшы. 

Дегенмен дипломатиялық бойкот америкалық атлеттердің Олимпиадаға қатысуын шектемейді.

"АҚШ спортшылар командасын қолдаймыз, бірақ алда болатын ойынның салтанатты ашылуына өз үлесімізді қоспаймыз", - деп қосты Джен Псаки. 

Баспасөз хатшысының сөзінше, АҚШ жақтастары бұл мәселеге қатысты шешімді өздері қабылдайды. 

Синьцзяндағы жағдайдан кейін ұйғырларға қысым көрсетті деген Еуроодақ, АҚШ, Ұлыбритания мен Канада Қытайға қарсы санкция енгізген болатын. Америка билігі мұны геноцид деп бағалаған. Ал Пекин барлық айыптауларды жоққа шығарды.

Дипломатиялық бойкотқа пікір білдірген Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі бұл шешімді "саяси манипуляция" деп атап, Олимпиада хартиясына кері әсер етеді деді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері