Нұр-Сұлтан -15.8°
×
29.11.2021, 09:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мемлекет басшысы ресми сапармен Швейцарияға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына барды, деп хабарлады Elorda.Info.

Мемлекет басшысы ресми сапармен Швейцарияға барды
фото: ашық дереккөзден

«Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ. Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері