Нұр-Сұлтан -4.8°
25.11.2021, 10:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелері өзгерді

Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі қазақстандықтардың Ресейге кіруіне арналған жаңа ережелерді жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелері өзгерді

"2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам уақытқа келетін Қазақстан азаматтары ресейлік емдеу мекемелерінде нашақорлық пен инфекцияның, оның ішінде ВИЧ инфекциясының жоқтығын растатуы керек. Анықтамаларды алғаннан кейні Ішкі істер министрлігінің аумақтық басқармасына тапсыру қажет. Кәмелетке толмағандардың немесе еңбекке жарамсыз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының бірі ұсына алады. Алты жасқа дейінгі балаларға мұндай анықтама қажет емес", - делінген елшілік хабарламасында.

Сондай-ақ қазақстандықтар міндетті түрде мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өтуі керек, содан кейін Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары оларға тиісті құжатты беретін болады.

"Ресейге еңбек қызметі мақсатында келген жағдайда жоғарыда аталған рәсімдер келген күннен бастап 30 күн ішінде, басқа мақсаттарда 90 күн ішінде аяқталуы тиіс", - деді елшілік.

Медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде қайта медициналық тексеруден өтіп, жаңа құжаттарды Ішкі істер министрлігінің аумақтық органына не электронды құжат нысанына тапсыруы қажет. 

Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда Ресейде болу мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері