Нұр-Сұлтан -0.8°
17.11.2021, 20:58
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елбасы Британия-Қазақстан қоғамының төрағасымен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Британия-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманмен кездесті, деп хабарлайды Elorda.info ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Британия-Қазақстан қоғамының төрағасымен кездесті

Кездесуде тараптар «Астана клубының» отырысы барысында қозғалған Еуразия елдерінің дамуы тақырыбына қатысты пікір алысты.

«Сізге «Астана клубының» отырысына қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен осы жылдар ішінде Ұлыбританиямен өте жақсы қарым-қатынас орнаттым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

.Гудман «Астана клубының» отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді кездесіп, талқылауға мүмкіндік жасалғаны үшін Елбасыға алғысын жеткізді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері