Нұр-Сұлтан 15.9°
×
26.10.2021, 19:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

44 заңнамалық актіге өзгерістер енгізілуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Elorda.Info.

44 заңнамалық актіге өзгерістер енгізілуі мүмкін

Құжатқа сәйкес 46 заңнамалық актіге, оның ішінде 2 кодекске және 44 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Мысалы, Ұлттық экономика министрлігі ең төменгі әлеуметтік стандарттың бірыңғай нысанын әзірлеу және бекіту функциясын өзіне алады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушылар мен олардың заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарын бекітетін болады.

Депутаттардың айтуынша, заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және аса маңызды функцияларды орындауға назар аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталық және жергілікті органдардың дербестігі ғана емес, қабылданған шешімдер үшін дербес жауапкершілік те арта түсетін болады.

Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері