Нұр-Сұлтан 13.4°
×
22.10.2021, 17:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Астананы орталыққа көшіру туралы шешіміме өкінбеймін» - Елбасы

2021 жылдың 1 желтоқсанында «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен «Nur-Sultan. Қолаңба» атты жаңа деректі фильм көрсетіледі. Бұл жоба барысында тәуелсіздік алған жылдардағы бірегей оқиға Қазақстанның жаңа астанасының құрылысы туралы баяндалған, деп жазды Elorda.info.

«Астананы орталыққа көшіру туралы шешіміме өкінбеймін» - Елбасы

Осы орайда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің жас астанасының өткені мен болашағы туралы сұрақтарға жауап берді. Ол туралы үзінді телеарнаның сайтына жарияланды.

«Астананы еліміздің орталығына көшіру туралы шешім оңай болған жоқ. Көбісі қарсы болды. Республиканың астанасы бола алатын қалалар тізімінде Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан басқа, мен 20 жыл жұмыс істеген қалалардың бәрі болды. Бірақ мен шешіміме өкінбеймін. Елорда бүкіл елді біріктіретін үлкен мегаполиске айналды. Жоспар бойынша бұл 500-600 мың халқы бар әкімшілік қала болуы керек еді, бірақ біз қаланың өмірі мен дамуын тоқтатуға болмайтынын түсіндік», - деді Елбасы.

Сондай-ақ деректі фильмде Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге байланысты саяси тәуекелге баруға қандай себептер түрткі болғанын айтып берген. Бұл ретте ол болашақта елорда тұрғындарының ең көп саны бойынша болжам айтып, қаланы дамытудың жаңа жоспарына да тоқталып өтті.

Айта кетсек, деректі фильмде бас қаланың іргетасын бекіткен қазақстандық Аманжол Чиканаев, Серік Рустамбеков, Байғұтты Тортаев және британдық Норман Фостердің бірегей жобаларының құрылысына қатысқан сәулетшілердің сұхбаттары да қамтылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері