Нұр-Сұлтан 28.4°
×
24.09.2021, 09:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлайды Elorda.info

Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонға алғыс айтты
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті қазіргі сын-қатерлер жағдайында жоғары дәрежеде орнықтылық көрсетіп отырған қазақ-тәжік ынтымақтастығының оң қарқынын атап өтті.

Бұған мемлекет басшылары деңгейіндегі белсенді саяси диалог және үкіметтердің үйлесімді жұмыстары септігін тигізуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тәжікстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты байланыстарды кешенді түрде нығайтудың басты бағдары болатынын айтты.

Президент мемлекет басшыларының тапсырмаларын іске асыруда екі ел үкіметтерінің белсенді жұмыс істеп жатқанын және қазірдің өзінде нақты нәтижелердің бар екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонға жүрекжарды сәлемін және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның жуырда Душанбеде өткен саммиттерін сапалы ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын жолдады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері