×
19.03.2023, 22:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Сайлау күні елімізде 609 сәби дүние есігін ашты

Сайлау күні елімізде 609 сәби дүние есігін ашты

Бүгін 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 сәби дүниеге келді, оның ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз- делінген министрліктің құттықтауында.


Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері