Еліміздің 15 өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Бұл жалпы сайлаушылардың 53,11 пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру жалғасуда. Бұл өңірлерде сайлау учаскелері Астана уақытымен сағат 21-00-де жабылады.