Елордадағы «Астана опера» театрында орналасқан №393 сайлау учаскесінде бүгін адам қарасы көп болды. Таңдау жасау оңай болмады, үміткерлердің 34-і – Мәжіліске, 13 азамат – Астана қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер. Елордалықтар өз кандидаттарына дауыс беріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Солардың бірі - Аруна Сұлтан. 19 жаста, осымен 2-рет дауыс беріп отыр.
Мұхаммедали Бейсенбековпен шаңырақ көтеріп, үлкен өмірге қадам басты.
Сайлау күнінде тұрмыс құрып, отбасымыздың уығын қадап, шаңырағын тіктедік, бұл күнді ондаған жылдан кейін де бірге сағына еске аламыз деген ойдамыз. Кішкентай отбасымыз Отанымызбен қатар гүлденсе, көркейсе, көбейсе деген үміттеміз,- дейді жас жұбайлар.
Жас шаңырақ иелерінің игі тілегін жақсылыққа баладық. Саяси дода ашық, әділ, таза өтіп, еліміз демократияның даңғыл жолына түссе дейміз.
Гүлшат Сапарқызы