Паражүзуден Азия, Паралимпиадалық ойындарының жүлдегері елордалық Сиязбек Далиев дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.
№1 сайлау учаскесінде паражүзуден Азия, әлем чемпионатының жүлдегері Сиязбек Далиев өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскісінің жұмысы қарқынды жүріп жатқанын өз көзіммен көрдім. Мұндағы дауыс берушілер қарасы қалың. Ел болашағы үшін маңызы зор сайлауға қатысып, өзімнің азаматтық белсенділігімді таныттым. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, – дейді елордалық паражүзуші.