×
19.03.2023, 17:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде сайлаушылардың бірі учаскеге диван арқалап келді (ВИДЕО)

Елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр

Елімізде сайлаушылардың бірі учаскеге диван арқалап келді (ВИДЕО)
фото: Instagram/kazakh_inform

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлаушылардың бірі сайлау учаскесіне диван арқалап келді, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар диванның қасында арқанға ілулі тұрған пульті де болды.

Бізді енді ештеңе таңғалдырмайды деп ойлап едік. Бірақ қазір «Дивандағы сыншылар әскері» қандай болатынын білеміз, - делінген видеода.

Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді: біреулер бұл әрекетті құрметтемеу деп айтса, енді біреулер ер адамның әрекетіне оң көзқарас танытты.

Бұған дейін талдықорғандықтар дауыс беруге түйемен келген еді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері