Elorda.info

Елордалық спортшы Абзал Әжіғалиев дауыс берді

Бүгін өте жауапты күн

Елордалық спортшы Абзал Әжіғалиев дауыс берді

Астанадағы №89 мектеп-лицей ғимаратында орналасқан №343 сайлау учаскесінде шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде күміс жүлде алған Абзал Әжіғалиев өз дауысын берді, деп хабарлады Elorda.info. 

Мен үшін ғана емес, еліміз үшін де бүгінгі сайлаудың орны бөлек. Өйткені осындай көп көлемде үміткерлердің қатысуымен өтіп жатқан аралас сайлау елімізде алғаш рет өткізіліп жатыр. Ел азаматтарының сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық борышын өтегені дұрыс. Бұл – әрбір қазақстандықтың жауапкершілігі. Бүгін өте жауапты күн, әрбір қазақстандық оған өз үлесін қосуы қажет, - деді спортшы. 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Сайлау-2023