Олимпиада чемпионы, ел мақтанышы Ольга Рыпакова Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл менің ел азаматы ретіндегі міндетім. Елімнің, балаларымның болашағы үшін дауыс бердім. Балаларым өз Отанында өмір сүріп, осында оқып және жұмыс істейтін болады, - деді Олимпиада чемпионы.
Өз сөзінде ол бюллетеннің көптігіне қарамастан, бәрі қарапайым және түсінікті болғанын, дауыс беру процесінде ешқандай қиындық туындамағанын жеткізді.