×
19.03.2023, 13:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс бердім – көпбалалы ана

Шешуші сәтте қарап қалуға болмайды

Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс бердім – көпбалалы ана
фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы, көпбалалы ана Ләззат Қалимова №348 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін сайлауға қызымды бірге ертіп ала келдім. Өз таңдауымды жасадым. Осындай еліміз үшін саяси науқанда ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жіті көңіл бөлінуде. Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс беруге келдім. Шешуші сәтте қарап қалуға болмайды. Бүгінде Үкімет тарапынан қолдаулар бар, ай сайын жәрдемақыны тұрақты алып тұрамыз. Кішкене балаларымыздың болашағы жарқын болсын деп тілеймін. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын, – дейді көпбалалы ана Ләззат Қалимова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері