×
19.03.2023, 10:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық көпбалалы ана отбасымен келіп дауыс берді

Астанада дауыс берушілердің қарасы қалың

Елордалық көпбалалы ана отбасымен келіп дауыс берді

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, дауыс беруге келгендері қарасы қалың. Олардың арасында елордалық көпбалалы ана Бәтима Орынбекова да бар. Ол мұнда төрт баласы мен отағасын ерте келген, деп хабарлады Elorda.info

Бәтима Орынбекова елордадағы Neotech Digital School ғимаратында орналасқан №399 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.  

Мен қарапайым қазақтың келінімін. Күйеуім екеуміз 4 баланы дүниеге әкеліп, олардың өмірден өз орындарын табу үшін аянбай еңбек етіп келеміз. Бұл шараны өз басым, ең алдымен, азаматтық құқығымды пайдалану, өзіміздің дауысымызды беру арқылы болашаққа сенімді қадам жасау, жақсылықты қолдау деп түсінемін. Біздің әрқайсысымыздың даусымыз шешуші рөл атқаратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан да әр азаматтың саяси шараға қатысуы, өз таңдауын жасауы дұрыс деп ойлаймын. Мен өз басым еліміздің тыныштығы, халқымыздың әл-ауқатының артуы, берекелі өмір сүруі, балаларымның болашағы жарқын болуы үшін дауыс бердім, – дейді батыр ана. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері