×
19.03.2023, 14:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астаналық тұрғын туған күнінде өз таңдауын жасады

Ол сайлау комиссиясы атынан сыйлық алғанына қуанышты екендігін жеткізді

Астаналық тұрғын туған күнінде өз таңдауын жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанадағы Кәсіптік-техникалық колледжде орналасқан №377 сайлау учаскесінде қала тұрғындары өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Сайлау учаскесінде 2 789 сайлаушы бар.

Байқаушылар республикалық қоғамдық бірлестіктерден қатысуда, – деді сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Алтаев. 

Өз туған күнінде дауыс берген Азамат Галиакпаров 37-ге толып отыр. 

18 жастан бастап сайлауға қатысып, азаматтық борышымды орындап жүрмін. Биыл да сайлау науқанына қатысып, сайлау комиссиясы атынан сыйлық алғаныма қуаныштымын, - дейді ол.

Гүлшат САПАРОВА

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері