×
19.03.2023, 09:29
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде жақсы өзгерістер болады деп үміттенемін – Нұрлан Әуесбаев

Елімізде жақсы өзгерістер болады деп үміттенемін – Нұрлан Әуесбаев

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрлан Әуесбаев елордадағы №198 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info

Бүгін біздің еліміз үшін алдағы бес жылдықтағы тарихи шешуші кезең. Сондықтан өзімнің азаматтық құқығымды пайдаланып, бүгін өз учаскіме келіп дауыс бердім. Жалпы елде жақсы өзгерістер болады деп үміттенемін. Сайлау науқаны кезінде барлық партияларға тең мүмкіндік берілді, ешқандай кедергі болған жоқ. Бүгінгі күнді енді уақыт көрсетеді, – деді ол. 

№198 сайлау учаскесінің төрағасы Әсия Жүнісованың айтуынша, учаскеге 2 773 сайлаушы тіркелген. 

Біздің учаскеге 2 773 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 33 сайлаушы алғаш дауыс берушілер. Әзірге үйден дауыс беруге бір адамнан өтініш түсті. Қазіргі таңда 10 байқаушы сайлау процесін бақылауда, – деді төраға.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері