×
19.03.2023, 09:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ерлан Қошанов Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

Ол «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады

Ерлан Қошанов Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол тек демократиялық әділ сайлау нәтижесінде және жастардың саяси аренаға еркін, кедергісіз келуі арқылы ғана кемел қоғам қалыптасатынын атап өтті.

Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Халық өте белсенді. Біз үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық өңірін аралап, азаматтардың саяси өмірге араласуға деген қызығушылығы артқанына көз жеткіздік. Бүгінде әркімнің өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін дауыс бергені маңызды, – деді Ерлан Қошанов журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері