Мәулен Әшімбаев Ұлттық академиялық кітапханадағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.
Сенат спикері Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 7:00-де бастады және онда 2 744 дауыс беруші тіркелген.