×
19.03.2023, 08:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сайлаудан көп үміт күтеміз – астаналық тұрғын

Сайлаудан көп үміт күтеміз – астаналық тұрғын
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорданың Байқоңыр ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру басталып кетті. Аудандағы сайлау учаскелері саяси науқанға сақадай сай дайын. Таңертеңнен сайлау учаскелеріне келіп жатқан халықтың көңіл-күйі жақсы. Солардың бірі Абай атындағы №87 мектепте 3 сайлау учаскесі бар, олар – №87, 91, 337, деп хабарлады Elorda.info.

№87 сайлау учаскесінің төрағасы Айгүл Қашаеваның айтуынша, мұндағы сайлаушылардың жалпы саны – 2 580 адам. 

Жалпы 10 444 бюллетень алдық. Таңғы алтыдан байқаушылар, жетіден бастап сайлаушылар келе бастады. Сағат 7-ге 5 минут қалғанда сайлау учаскесінің жұмысын әнұранмен бастадық. Комиссия құрамында 11 адамбыз. Бақылаушылар саны – 18 адам. Соның ішінде біреуі – ТМД бойынша бақылаушы. Ең алғаш болып зейнеткер тұрғын келіп, дауыс берді. Оған бірінші келгені үшін сыйлық берілді. Бір сағаттың ішінде учаскеге 25 адам келіп, Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына түсіп жатқан 37 үміткерге даусын берді, – дейді комиссия төрағасы. 

№87 сайлау учаскесі бойынша дауыс берген тұрғындардың бірі – елордалық Данияр Құлшымбай. 

Азаматтық позициямды танытып, дауыс беруге келдім. Осы мектепке жақын тұрамын. Сайлаудан көп үміт күтеміз. Өзім дауыс берген кандидатқа да зор сенім артамын, – дейді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері