Астанадағы №107 сайлау учаскесінде 1 770 сайлаушы бар
Елімізде өтіп жатқан сайлауға азаматтар сағат 11-ден бастап көптеп келеді. Бұл туралы Астана қаласы Есіл ауданының №107 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Халима Аксамбиева айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Біздің сайлау учаскемізде 1 770 сайлаушы тіркелген. 2 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Осы аумаққа қарасты сайлаушылардың үйлерін тексерген кезде бұл кісілер қалада болмайтынын хабарлап, ескертіп айтты. Қазіргі таңда бізге ешқандай азамат үйде дауыс беруге өтініш білдірген жоқ. Бүгін – жексенбі. Сондықтан сайлаушылардың үлкен легі сағат 11:00 мен түскі 15:00 аралығында болады деп күтілуде.
Көңіл-күй көтеріңкі. Алда үлкен мереке келе жатыр, – деді №107 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Х.Аксамбиева.