×
19.03.2023, 08:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек сайлауда дауыс берді

Ол №59 сайлау учаскесіне барды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек сайлауда дауыс берді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына №59 сайлау учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жалғыз айта алатыным, Астана бойынша сайлау белсенді өтіп жатыр. Кадидаттар өте көп. 17 бірмандатты округ бойынша 150-ден астам кандидат бар. Мәжілістің 2 округі бойынша шамамен 70-тен астам кандидат бар. Бұл шынымен де үлкен бәсеке жүріп жатқанын көрсетеді, - деді қала әкімі.

БАҚ өкілдері Жеңіс Қасымбектен бюллетеньдердегі «Бәріне қарсымын» деген бағанды қалай пайдаланғаны жөнінде сұрады.

Ешбір бюллетеньде ол бағанды белгілеген жоқпын, - деді әкім.

Бұл сайлау учаскесінде 2 861 сайлаушы тізімге енгізілген.

Дауыс берушілерге арнап 2 881 бюллетень дайындалған. Тура таңғы сағат 7.00-де бастап кеттік. Жарты сағаттың ішінде 100-дей адам дауыс берді, - деді №59 сайлау учаскесінің төрағасы Амангелді Мырзабаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері