×
19.03.2023, 08:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ерлан Қарин Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

Ол елордадағы №111 сайлау учаскесіне барды

Ерлан Қарин Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Ерлан Қарин елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мемлекеттік кеңесші осы жолғы сайлаудың маңызы зор екендігін атап өтті.

Өйткені бұл сайлау – Мемлекет басшысы қолға алған реформалардың жүзеге асып жатқанының көрінісі. Осы жолы аралас сайлау жүйесі енгізілді. Бұл қарапайым азаматтардың сайлауға түсу мүмкіндіктерін кеңейтті, – дейді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде 2 744 дауыс беруші тіркелген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері