×
19.03.2023, 07:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дауыс берушілер сайлауға белсенді қатысып жатыр – халықаралық байқаушы

ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының бір топ байқаушысы дауыс беру барысын бақылауда

Дауыс берушілер сайлауға белсенді қатысып жатыр – халықаралық байқаушы

Бүгінгі сайлау барысын халықаралық байқаушылар да бақылап отыр, деп хабарлады Elorda.info

Астана қаласындағы №379 сайлау учаскесінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының бір топ байқаушысы дауыс беру барысын бақылауда. 

Сайлау учаскелерінде таңертеңнен мерекелік көңіл-күй байқалады. Дауыс берушілердің белсенді. Сайлаушылар кезекке таласып, дауыс беруге асығып келуде. Тіпті алғаш рет дауыс бергелі тұрған елордалық тұрғын да таң атпай келіп алыпты. Таңертең біз сайлау учаскесіне келгенде адамдардың қарасы көп болды. Бұл азаматтық белсенділіктің белгісі деп білемін. Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Сайлау алдында учаскелер ресми түрде ашылып, әнұран орындалды. Дауыс беру уақытылы басталды, - дейді ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушы, ресейлік Баир Жамсуев. 

Оның айтуынша, сайлау учаскесінде әзірге заңбұзушылық анықталған жоқ. 

Дауыс беру кабиналары тәртіпке сай ұйымдастырылған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі және мүгедек жандарға да жағдай жасалған. Сайлауды соңына дейін бақылаймыз, - деді ол.

Аяулым Серікқызы

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері