18 жастағы елордалық Абай бірінші болып дауыс беру үшін учаске ашылмай тұрып келген
№379 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік әнұран ойнап, мұндағы комиссия төрағасы Гүлнар Садықова сөз сөйлеп ашты, деп хабарлады Elorda.info.
Ал алғаш рет дауыс беріп тұрған 18 жастағы Абай Тәңірберген анасымен бірге таңмен таласа сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Оның айтуынша, мұнда учаске ашылмай тұрып келген.
Елімізде саяси доданың қалай өтетіні өзіме де қызық болды. Бүгін – мен үшін тарихи күн. Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол үшін ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 6:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Ел болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға өз үлесімді қосқым келді, - деді ол.
Алғаш рет дауыс берген Абай Тәңірбергенге №379 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Гүлнар Садықова арнайы сыйлық табыстап, сайлаушының мерейін өсірді.
Жалпы № 379 сайлау учаскесінде 2 494 сайлаушы бар, 10 076 сайлау бюллетені алынған. Тіркелген сайлаушының – 5-еуі – 18 жаста, яғни, бірінші рет дауыс беретіндер, 1 сайлаушы үйден дауыс береді.