×
19.03.2023, 04:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Оңтүстік Кореядағы отандасымыз Елнұр Асанов бірінші болып дауыс берді

Оңтүстік Кореядағы отандасымыз Елнұр Асанов бірінші болып дауыс берді
Фото: СІМ баспасөз қызметінен

Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлады Elorda.info. 

Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант Елнұр Асанов болды.

Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді. Елімізге нығайып, өркендеу тілеймін! - деді Е.Асанов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері