×
19.03.2023, 07:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мәжіліс және мәслихат сайлауы: 15 өңірде дауыс беру басталды

Сайлауға 12 032 550 дауыс беруші тіркелді

Мәжіліс және мәслихат сайлауы: 15 өңірде дауыс беру басталды

Еліміздің 15 өңірінде кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы сайлау учаскелері жұмысына кірісті.

Ал қалған 5 өңірде, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де, Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 12 032 550 дауыс беруші тіркелді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызға белгіленген еді.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатысады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері