Семинарға аумақтық сайлау комиссияларының электоралдық оқытуға жауапты мүшелері мен аудандық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты
ҚР Орталық сайлау комиссиясының алаңында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша өңірлік Call-орталықтардың қызметкерлеріне арналған онлайн оқыту семинары өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Семинар жұмысына аумақтық сайлау комиссияларының электоралдық оқытуға жауапты мүшелері мен аудандық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Негізгі спикерлер ҚР ОСК мүшелері және Астана қаласының «iKomek 109» мониторинг және әрекет ету орталығының өкілі болды.
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізудің ерекшеліктері туралы айтып берді. Ол аралас сайлау жүйесін енгізу, байқаушылардың қызметі, императивті құқықтың әрекеті, кандидаттарды ұсыну, тіркеу, сайлау алдындағы үгіт кезеңдері, сайлаушылар тізімін қалыптастыру ерекшеліктері және т. б. тақырыптарды ашып айтты.
Астана қаласының «iKomek 109» мониторинг және әрекет ету орталығы басшысының орынбасары Еркебұлан Али жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, сайлау кезеңіндегі практикалық кейстер туралы айтты.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттар мен саяси партиялардың қатысуының қаржылық ерекшеліктері туралы ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сөз сөйледі. Ол сайлау процесін қаржыландыру, сайлау жарнасын енгізу, сайлау қорын қалыптастыру, қаржы бойынша есептілік туралы айтты және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік жайында ескертті.
Семинар соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, осындай семинарларды тұрақты негізде өткізу қажеттілігі туралы тілектерін білдірді.
Алынған білім мен материалдар негізінде аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері жергілікті жерлерде осындай семинарлар ұйымдастырады.
Семинардың жұмысына 240-тан астам адам қатысты.