×
07.02.2023, 09:44
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Орталық сайлау комиссиясына 4 партия құжаттарын ұсынды

Орталық сайлау комиссиясына 4 партия құжаттарын ұсынды
Фото: ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

6 ақпандағы жағдай бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;

4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері