×
06.02.2023, 14:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Amanat партиясының кезектен тыс съезінің күн тәртібі бекітілді

Съез 7 ақпанда елордада өтеді

Amanat партиясының кезектен тыс съезінің күн тәртібі бекітілді
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметінен

Amanat партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес қаулысымен кезектен тыс XXV cъездің күн тәртібі бекітілді:

1. Партия Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

2. Партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бекіту туралы.

3. Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы.

Еске сала кетейік, партия төрағасы Ерлан Қошановтың шешімімен Amanat-тың съезі 7 ақпанда Астанада өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері