×
04.02.2023, 09:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама
фото: gov.kz

«Elorda Aqparat» ЖШС – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына, сондай-ақ ҚР Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы «Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» және 2023 жылғы 19 қаңтардағы «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлықтарына сәйкес «Вечерняя Астана» және «Astana aqshamy» газеттерінің және Elorda.Info желілік басылымының меншік иесі 2023 жылғы 19 наурызда сайлауға қатысатын барлық деңгейдегі ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына тіркелген кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсыну шарттары туралы хабардар етеді. 

Басылымдарға материал беру «Elorda Aqparat» ЖШС-мен жасалған 2023 жылғы 19 наурыздағы кезектен тыс сайлауға қатысатын ҚР Парламенті Мәжілісінің немесе барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына тіркелген кандидатқа баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) «Elorda Aqparat» ЖШС-мен басылымдарға орын ұсыну туралы шартқа қол қоюы кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) «Elorda Aqparat» ЖШС-нен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты қызметтерді қабылдауға келісімі болып табылады.

МЕКЕМЕГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ЖАЗБАША ӨТІНІШТЕ МЫНАДАЙ АҚПАРАТ БОЛУҒА ТИІС: 

Жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні және уақыты; 

Жазбаша өтініш берген кандидаттың ТАӘ, сенім білдірілген тұлғаның ТАӘ; 

Тұлғаның жазбаша өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжат-кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) жеке куәлігі, уәкілетті мемлекеттік орган берген кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) куәлігі, ҚР заңнамасына сәйкес өзге де құжат; 

Басылымдарға берілетін материалдың жоспарланған көлемін және оны беру уақытын, үгіттік баспа материалдарының түрін көрсете отырып, жазбаша өтініштің мазмұны; 

Кандидаттың не сенім білдірілген адамның қолы. 

Жазбаша өтініштерді «Elorda Aqparat» ЖШС 2023 жылғы 18 ақпаннан 17 наурызға дейінгі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа, Астана қаласы, Достық көшесі 13 мекенжайы бойынша 222 кабинетте қабылдайды. 

Жарияланымдарда олардың төлемі, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері, ақпарат берген тұлғаның тегі туралы ақпарат болуға тиіс. 

Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін «Elorda Aqparat» ЖШС жазбаша өтініштер түсу тәртібімен белгілейді. 

Үгіттік баспа материалдарын «Elorda Aqparat» ЖШС модульдер немесе мақалалар түрінде шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған газеттер шыққан күнге дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылады.

«Elorda Aqparat» ЖШС үгіттік баспа материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну идеяларын жариялауды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілгендерді құруды қараған жағдайда және заңнамада көзделген өзге де негіздерде оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. 

«Elorda Aqparat» ЖШС кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. 

Осы хабарламада көрсетілген басылымдарға материал беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін. 

БАСЫЛЫМҒА МАТЕРИАЛ ҰСЫНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ: 

«Вечерняя Астана» және «Astana aqshamy» газеттерінің беттерінде жарияланымның 1 шаршы см орналастыру құны, ҚҚС қоса алғанда – 1265 теңге. 

Газеттердің «vechastana.kz» «astana-akshamy.kz» сайттарында жарияланымның қайталану құны, ҚҚС қоса алғанда – 30 000 теңге. 

«Elorda Info» желілік басылымында жарияланымның қайталану құны, ҚҚС қоса алғанда – 30 000 теңге. 

«Elorda Info» желілік басылымында Тапсырыс беруші ұсынған мақаланы (2 500 белгіге дейін бос орындары бар) орналастыру құны, ҚҚС қоса алғанда – 40 000 теңге. 

«Elorda Info» желілік басылымында орналастырылған мақаланы (2 500 белгіге дейін бос орындары бар) жазу құны, ҚҚС қоса алғанда – 80 000 теңге. 

Төлем «Elorda Aqparat» ЖШС қойған шот негізінде осындай шот берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жүзеге асырылады. 

Төлем тиісті шартта көрсетілген «Elorda Aqparat» ЖШС банктік деректемелеріне жіберіледі. 

 

 «Elorda Aqparat»  ЖШС 

Директоры                                                        О.Сыдықбек 

 

8(7172)42-43-52    +7 708 160 81 23, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Достық к-сі, 13 

Сұлтанова Асыл

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері