×
31.01.2023, 13:51
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Саяси жүйеге нақты өзгерістер керек – саясаттанушы

19 наурызда Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді

Саяси жүйеге нақты өзгерістер керек – саясаттанушы
Фото: sputnik.kz

Саясаттанушы, халықаралық және Еуропалық саяси кеңесшілер қауымдастығының мүшесі Ассоль Мирманова қазақстандықтардың нақты өзгерістерге сұранысы басым екендігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Президенттің Мәжілісті таратуы саяси жүйені мүмкіндігінше тезірек жаңартуға деген ұмтылыстың символдық әрекеті ретінде қарастырылуы керек, өйткені қазақстандықтардың нақты өзгерістерге сұранысы басым болып отыр.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген орнықты басқару моделін құру және билікті неғұрлым теңдестірілген түрінде бөлу бойынша айтқан сөзі болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені толыққанды қайта қосу мерзімінің уақытын көрсетіп, осы жылдың ортасына дейін деп белгіледі.

Бұл – Президенттің өзі үшін де оның әкімшілігі үшін де сонымен бірге жалпы қоғамдық институттар үшін де үлкен сынақ. Яғни, саяси субъектілердің – партиялардың, олардың ұсынған кандидаттарының, медиа т.б. әлсіздігіне байланысты біздердің күткен үмітіміз ақталып, біздер көздеген межеден шығып, ойлаған нәтижелеріне сәйкес келмеуі мүмкін.

Бүгінгі қазақстандықтар, тұтастай алғанда, саяси жүйенің тиімділігіне аса қат болып тұрған мына жағдайға қарамастан азаматтардың саяси жүйеге араласуында белсенділіктен гөрі, саналы түрде енжарлығы басым қоғам екенін ескеру керек.

Біздің партиялардың проблемасы – сайлау аралық кезеңде нақты электорат үшін күнделікті нақты бәсекелестіктің болмауы.

Жаңадан құрылған партиялардан үміттенуге болар еді, алайда олар сайлау уақытына дейін бедел жинап, айтарлықтай деңгейге жетіп үлгермейді.

Шындығында көпке танымал болу сайлаушыларының сенімінен шығады деген мағына бермейді. Жаңа партияларда платформалары барынша күшті болса да сайлаушыларымен үгіт жұмыстарын жасап үлгермейді.

Сондықтан бұл науқанға баға бере отырып, партиялар арқылы емес, Мәжіліске бір мандатты депутаттарды қабылдау арқылы жүйені қайта іске қосу, яғни Президент Қасым-Жомарт Тоқаев уәде еткен жүйені қайта іске қосу, жүйелі өзгерістерге қатысты уәде межесінен шығады.

Біз өмір сүріп жатқан қызықты уақытты ескере отырып, бұл маңызды оқиға дер едім. Парламент Мәжілісі мүшелердің тең жартысы емес, 30% ғана екені өкінішті. Менің ойымша, егер «еркіндік ауасы» эксперименті сәтті болса, пропорциялар болашақта өзгеруі мүмкін.

Бірақ қазір ең бастысы – қай бағытта да реформалармен алысқа бармай, мүдделер тепе-теңдігін табанды түрде сақтау, – деді саясаттанушы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері