×
25.01.2023, 17:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Кәрімбек Құрманәлиев: Сайлау – «Ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғы шарты

Бір мандаттық округтердегі сайлау өте белсенді болары күмән туғызбасы анық

Кәрімбек Құрманәлиев: Сайлау – «Ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғы шарты
Фото: ашық дереккөз

Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев өткен жылғы референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес өткізгелі отырған саяси науқанның өзіндік өзгешіліктері бар екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ерекше екпін түсіре айтар болсақ, Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша сайлау тетігі ұсынылып отыр. Бұны өз кезегінде «Ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғы шарты деп те бағалауға әбден болады. Сондай-ақ саяси партияларды тіркеу тетігінде де өзгерістердің орын алғанына қарап, саяси жүйедегі оң бағыттарды бағамдауға болады. Сонымен бірге Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық жолмен сайлануы да - сайлаудың басты жаңалығы ретінде астын сызып айтқымыз келеді. Осындай пікірге келумізге - депутат болғысы келген үміткерлерге партия тізімімен немесе қоғамдық үйымдар атынан ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну жолымен де сайлауға қатысу мүмкіндігі болатындығы себеп болып отыр. Бір мандаттық округтердегі сайлау өте белсенді болары күмән туғызбасы анық. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» келетін саяси бәйгеде елінің ертеңін, балаларымыздың болашағын ойлайтын нағыз халық қалаулыларының бәсі басым болатынына сенім мол. Аралас жүйеде өтетін саяси додада «атмойын» алда келер азаматтар мемлекетшіл, Әділетті Қазақстанның нағыз патриоттары болса деген үкілі үмітіміз бар екенін де жасыра алмаймыз.

Халықтық қолдауға ие болып отырған Президенттің тағдыршешті шешімдерін жүзеге асыруға аянбай атсалысайық, ағайын! – деді ол. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері