×
25.01.2023, 16:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Депутаттар Үкімет пен халық арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруі керек – сарапшы

Ол сайлау депутаттар арасындағы бәсекелестікке де оң әсерін тигізетінін айтады

Депутаттар Үкімет пен халық арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруі керек – сарапшы
Фото: kisi.kz

Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина айтты, деп хабарлады Elorda.info

Бұл, ең бастысы, демократияның дамуына тікелей әсер етеді. Себебі демократияның қарқынды дамуының іргетасы – азаматтардың белсенділігі. Ал сол белсенділік институционалды түрде саяси партиялардың сапалы қызметінде іске асырылады. Былтырғы сайлауға қатысты заңнаманың өзгертілуі, әсіресе, партиялардың тіркелу ережелерінің жеңілдетілуі, саяси партиялық аясын мүлде өзгертуде. Сондықтан түрлі партиялардың сайлауға қатысқаны жаңа саяси күн тәртібінің талқылауына әсер болмақ, сондай-ақ Мәжіліске келіп, саяси жүйенің «қанын» халықтың мүддесіне сай «от тегімен» байытып жүгіртуі күтілмек, - деді ол.

Липинаның пікірінше, Мәжілістің 1/3 бөлігіне жуық жергілікті аймақтарда сайланатын депутаттарды ерекше қарастыру керек. 

Себебі олардың сайланатын жолы маңызды. Олардың ішінде өз деңгейінде еліміздің дамуына үлкен үлес қосып жүрген, жұрттың ерекше құрметіне лайық болған бірнеше тұлға болса керек. Халықтың қамын ойлайтын, бірауыздан сайланған олар Үкімет пен халық арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруі керек, - деді ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері.

Сондай-ақ ол сайлау депутаттар арасындағы бәсекелестікке де оң әсерін тигізетінін айтады.

Әрбір депутат немесе партия өз сайлау алды бағдарламасын қазақстандықтардың сұранысына сай жасауы керек. Қайсысы жан-жақты, жүйелі болса, сол жеңіске жетеді. Сондықтан бұл сайлау депутаттардың арасында кез келген мәселенің тиімді шешуінің сапасы жағынан бәсекелестікті арттыруда, - деді Татьяна Липина.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері