×
27.09.2022, 21:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

«Ақ жол» мен «Қазақстан Халық» партияларының съездері өтеді

6 қазанда үш партияның съездері болады

«Ақ жол» мен «Қазақстан Халық» партияларының съездері өтеді
Фото: Ашық дереккөз

6 қазанда «Ақ жол» мен «Қазақстан Халық» партияларының съездері өтеді, деп хабарлады Elorda.info сілтеме жасап.

«Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесінің Президиумы биылғы жылдың 6 қазанында партияның құрылтайын шақыру туралы шешім қабылдады. Аталған филиалдар бір апта ішінде облыстық/қалалық конференцияларөткізіп, «Ақ жол» демократиялық партиясының президенттік сайлауға қатысуы туралы шешім қабылданатын алдағы құрылтайға делегаттарын сайлауы керек, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар дәл осы күні Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтеді.

Қазақстан Халық партиясының бюросы 2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында партияның XXI Кезектен тыс Съезін өткізу туралы шешім қабылдады, - деп жазылған Халық партиясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері