×
25.01.2023, 12:59
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Екібастұзда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

Пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі мерт болды

Екібастұзда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

Екібастұз маңында пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі мерт болды, деп хабарлады Elorda.info.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 17.10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін теміржол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері