×
25.01.2023, 21:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Автокөлік дөңгелегін ұрлаған елордалық тұрғын ұсталды

Материалдық шығын 300 мың теңгені құрады

 

Автокөлік дөңгелегін ұрлаған елордалық тұрғын ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы Байқоңыр ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 38 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті Өндіріс көшесінде орналасқан жеке үйдің иелері үйінде жоқ екенін байқайды. Содан қылмыстық ниетпен кешкі 21.00 шамасында аталған үйдің гаражының есігін бұзып кіріп, «Лифан» маркалы автокөліктің 4 резеңке дөңгелегін ұрлап кеткен. Материалдық шығын 300 мың теңгені құрады.

Ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері