×
02.12.2022, 19:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шымкентте әйелін малша бауыздап тастаған ер адамның соты болып жатыр

Марқұмның артында екі қызы қалған

Шымкентте әйелін малша бауыздап тастаған ер адамның соты болып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін «бес жерінен пышақтап өлтірген» 50 жастағы Ермек Қабылбаевтың ісін қарай бастады. Іс бойынша жәбірленуші ретінде қайтыс болған әйелдің туысы Ержан Қыстаубаев танылған, деп хабарлады Elorda.info ORDA.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қозғалған іске судья Әбсаттар Шахидинов төрағалық етуде. Сотқа айыпталушы Ержан Қыстаубаев тергеу изоляторынан жеткізілген.

Күдікті Қабылбаевтың адвокаты істі жабық өткізуді сұрағанымен судья журналистердің қатысуына рұқсат етті. Бірақ айыпталушының қарсылығынан соң фото, видео түсіруге тыйым салынды.

Алғашында «Абайсызда қазаға ұшырату» бабымен іс қозғалды. Қарсы болдық. Журналистер араласқан соң іс қайта сараланды. Ол (Ермек Қабылбаевты айтады – ред.) айыпты мойындағанымен, сотта еркін отыр. Бүгінге дейін бізден кешірім сұрап ешкім келмеді. Талабым – адам өлтірді ме, сотталуы керек, – дейді Ержан Қыстаубаев Orda.kz тілшісіне.

Қыстаубаевтың сөзінше, 39 жастағы қарындасы Раушан Перманова 29 тамыз күні азаматтық некеде тұрған күйеуі Ермек Қабылбаевтың қолынан қаза тапқан. Іс бойынша сот-медицина сараптамасы шыққан. Сараптама қорытындысы бойынша, айыпталушы марқұмның 5 жеріне пышақ сұққан соң екі минутта жан тапсырған.

Күретамырына пышақ сұғып, мал сияқты бауыздаған. Қасақана өлтірген, – дейді жәбірленуші. 

Марқұмның артында екі қызы қалған. Олар қазір Қыстаубаевтың қамқорлығына өткен.

Сот процесінде айыпталушы тағылған айыпты мойындайтынын айтқан. Прокурор айыптау актісін 9 желтоқсан күні келесі сот отырысында оқиды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері