×
30.11.2022, 13:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

«Мисс Қазақстанның» неден қайтыс болғаны белгілі болды

Ол соңғы рет театр сахнасында 24 қыркүйекте өнер көрсеткен

«Мисс Қазақстанның» неден қайтыс болғаны белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Стешенкода тромбоэмболио анықталған. Дегенмен бұған дейін ол денсаулығына байланысты шағымданған, деп хабарлады Elorda.info «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап.

Белгілі саясаткер және Мемлекеттік Думаның бұрынғы депутаты, Наталия Стешенконың күйеуі Владимир Семаго соңғы уақытта жұбайының бас ауруына байланысты жиі шағымданғанын мәлімдеді. Әрі қан қысымы да төмен болған. 

Оқи отырыңыз: «Қазақстан аруы» Мәскеудегі пәтерінен өлі күйінде табылды

Басылым мәліметінше, Стешенко 10 жасар ұлымен бірге дәмханаға барып, үйіне қайта оралған соң есінен танып қалған. Ұлы көршілерінен жедел жәрдем шақырып беруін сұрапты. Алайда дәрігерлер келген соң Стешенконың  көз жұмғанын анықтаған.

Көршілерінің сөзінше, Наталия Стешенко Хамовники ауданындағы пәтерде ұлы және күйеуімен бірге 10 жылдай тұрған. 3 желтоқсанда ол 38 жасқа толар еді. Соңғы рет театр сахнасында 24 қыркүйекте өнер көрсеткен. 

Наталия Стешенко 1984 жылы Павлодарда дүниеге келген. 2000 жылы «Мисс Қазақстан» байқауына қатысқан. Ал 2005 жылы «Лига обманутых жен» сериалында басты рөлдердің бірін сомдады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері