×
28.11.2022, 21:51
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Республика бойынша өткен тәулікте 45 адам қар құрсауынан құтқарылды – ТЖМ

Республика бойынша өткен тәулікте 45 адам қар құрсауынан құтқарылды – ТЖМ
Фото: ашық дереккөзден

Жүргізушілер елемеген қатты аяз бен ауа райының қолайсыздығы төтенше жағдайға әкелуде, деп хабарлады Elorda.info.

27 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Қаратал ауылынан 10 км қашықтықта «Омбы-Майқапшағай» тас жолында ондаған жүк фургондары қар құрсауында қалып қойды. 25-ӨСБ құтқарушылары көмекке келді. Ауыр жүк көлігінің 16 жүргізушісінің бірі дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болды. Құтқарылған жүргізуші, Беларусь азаматының қолын жеңіл үсік шалып, жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Алғашқы көмек алғаннан кейін ол босатылды, ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ. Қалған жүргізушілерді құтқарушылар Қаратал ауылына жеткізді. Қазіргі уақытта олар қонақ үйде және оларға қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға орнында жолды тазартатын жол қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Сол күні Қостанай облысының Қамысты ауданында Алтынсарин ауылынан 10 км қашықтықта ТЖД күштері қар құрсауында қалған екі автокөлікті құтқарып, Алтынсарин ауылының жылыту пунктіне медициналық көмекке мұқтаж емес 2 адамды жеткізді.

28 қарашада Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында Ақтөбе ауылынан 5 шақырым жерде ТЖД күштері медициналық көмекке мұқтаж емес 6 адамды құтқарды. Олар «Toyota» техникалық ақаулы автокөлігінен құтқарылып, «Ақтүбек» ТМҚП-ға жеткізілді.

28 қарашаға қараған түні Қарағанды облысында үш құтқару операциясы жүргізілді. Осакаров ауданы Молодежный кентінен 3 км қашықтықта «Қызылорда-Павлодар» автожолында қатып қалу себебінен техникалық ақауларға байланысты жеңіл автокөлік жолда тоқтап қалды. Құтқарушылар көліктен екі адамды эвакуациялап, Молодежный кентіне жеткізді.

Екінші құтқару операциясы Шет ауданында жүргізілді. «Алматы-Екатеринбург» автожолының 901 шақырымында Ақсу-Аюлы ауылынан 18 шақырым жерде техникалық ақаулы автобустан ТЖД күштерімен Ақсу-Аюлы ауылына 19 адам жеткізілді. Автобус «Астана-Шымкент» бағыты бойынша бара жатқан.

Өңірлердің Төтенше жағдайлар департаменттері бірнеше күн бойы жел, боран және аяз туралы хабардар етті. Қатты аязға байланысты әртүрлі көліктер үшін қозғалыс шектеулері енгізілді. Алайда азаматтар елді мекендерден тыс жаққа кетіп, қиыншылықтарға тап болды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері