Elorda.info

Астанадан Шымкентке шыққан автобус бұзылып, жолаушылар жолда қалды

Сынған автобустан Ақсу-Аюлы ауылына 19 адам жеткізілді

Астанадан Шымкентке шыққан автобус бұзылып, жолаушылар жолда қалды

28 қарашаға қараған түні Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері үш құтқару операциясын жүргізді. Нәтижесінде 22 адам аяздан құтқарылды, деп хабарлады Elorda.info inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыста осы күндері қатты аяз болатынын синоптиктер ғана емес, құтқару қызметі де ескерткен болатын.

Алайда соған қарамастан өткен түнде көмек сұрап, қоңырау шалғандар болды.

Мұндай хабарламаның бірі 02:05-те келіп түсті.

Белгілі болғандай, Осакаров ауданының Молодежный кентінен 3 шақырым жерде «Қызылорда-Павлодар» автожолында техникалық ақауға байланысты жеңіл автокөлік тоқтап қалған.

Құтқарушылар көліктен екі адамды эвакуациялап, Молодежный кентіне жеткізді.

Екінші құтқару операциясын ТЖД қызметкерлері Шет ауданында сағат 04:35-те жүргізді.

«Алматы-Екатеринбург» автожолының 901 шақырымында Ақсу-Аюлы ауылынан 18 шақырым жерде жолаушы тасымалдайтын қалаарлық автобус тұрып қалған.

Сынған автобустан ТЖД күшімен Ақсу-Аюлы ауылына 19 адам жеткізілді. Автобус «Астана-Шымкент» бағыты бойынша жүріп бара жатқан.

Сонымен қатар, Шет ауданында 1984 жылы туған ер адам хабарсыз кетті. Түнге қарай ер адамның туыстары құтқарушыларға жүгінді.

ТЖД мен полиция қызметкерлерінен құралған топ іздеуге шықты. Жоғалған адамды олар басқа қыстақтан тауып алып, ауылға жеткізді.

Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.

Қарағанды облысындағы бірқатар автожолда қатты аязға байланысты қоғамдық және дизельді автокөліктер үшін шектеу енгізілді.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға