Elorda.info

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі, –  делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Президент Үкімет басшысына энергетикалық активтерді мемлекетке  қайтаруды тапсырды

Ведомство мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.

Еске сала кетейік, Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға