×
25.11.2022, 10:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық «беделді» тұлғаны қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, олар осы жылдың сәуір айында елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдікті деп танылып отыр, соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

Сонымен бірге фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады дешен күдікке ілінді. Күдіктілер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген. Ал төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген, - делінген хабарламада.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері