×
23.11.2022, 09:09
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада құрылыс алаңында өрт шықты

Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрайды

Елордада құрылыс алаңында өрт шықты

Елорданың сол жағалауындағы Нұржол бульварындағы құрылыс алаңында контейнер өртенді, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 150 шаршы метрді құрайды.

23 қарашада, сағат 00:59-да Есіл ауданындағы Қонаев көшесі бойындағы құрылыс контейнерлерінен әкімшілік ғимарат өртенді. 20 адам мен 4 техника жұмыс істеді, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 01:49-да оқшауланып, 02:03-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері