×
02.11.2022, 15:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада жалған полицей жезөкшелерден ақша бопсалаған

23 жастағы жігіттің жеңіл жүрісті қыздарды қорқытып, олардан ақша алғаны анықталды

Елордада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында ұсталған. 23 жастағы жігіттің жеңіл жүрісті қыздарды қорқытып, олардан ақша алғаны анықталды. Ол полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсетіп, ақшаны қылмыстық жауапкершілікке тартамын деген желеумен талап еткен.

Полицейлер жігітті қаладағы пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады. Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері