×
30.09.2022, 11:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада гашиш жеткізу арнасы жойылды (ВИДЕО)

1 келіге жуық гашиш тәркіленген

Елордалық полицейлер гашиш сатушыны ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткіні жеткізумен және сатумен айналысатын арна жойылды. Полицейлер 45 жастағы қала тұрғынын есірткі затын сатпақ болған кезінде ұстады. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде 15 полиэтиленді орамаға салынған гашиш және ақшалай қаражат табылды.

Астананың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Гасизовтың айтуынша, арнайы операция жүргізу кезінде 1 келіге жуық гашиш тәркіленген.

Күдікті кінәсін мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Елорда аумағында есірткі жеткізу және сатумен айналысқан сыбайластарын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері