×
26.09.2022, 22:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдап кетті

Полицейлер желідегі ақпаратқа абай болуды ескертеді

Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдап кетті

Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түскен. Өз мәлімдемесінде ол әлеуметтік желіден танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеген, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленушіге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған.

Сонымен қатар, “күйеу жігіт” зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірленуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген.

Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды.

Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше фактілерді тексеруге шақырады. Киберқылмыскерлер бұл туралы біледі, себебі олар “декорацияны” жақсы қолданады. Яғни өздерін іздеу жүйесіне енгізгенде шын адам есебінде тіркейді. Нақтырақ айтқанда өздерін жасыру мақсатында дәрігерлер, нотариустар немесе әскери қызметшілердің суреттері мен есімдері жиі қолданылады.

Күдіктіге он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігі және мүлкі тәркілену қаупі бар екендігі ескеріледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері