×
26.09.2022, 08:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шекарадан заңсыз өтпек болған ресейлік қашқындар ұсталды

Олар Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болған

Шекарадан заңсыз өтпек болған ресейлік қашқындар ұсталды
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінен

Қостанай облысында ішінара жұмылдырудан қашып кеткен Ресей азаматтары ұсталды. Ер адамдар шекараны заңсыз кесіп өтпек болған, деп хабарлады Elorda.info ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстаған.

Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірген.

Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері